51667
Адамның есте сақтау қабілетін жақсартатын 8 әдіс
Адамның есте сақтау қабілетін жақсартатын 8 әдіс
Жас ұлғайған сайын нашарлаған есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады? Ол үшін күрделі әдісті іздеудің қажеті жоқ. Өмір сүру салтына кішігірім өзгеріс енгізуден бастаңыз, нәтижесін бірден байқайсыз.
Ұйқыны реттеңіз
Жадты нығайту үшін сапалы ұйқы өте маңызды. Миыңыз ақпаратты тиімді өңдеп, сақтай алуы үшін ұйқы режимін қалпына келтіру керек. Сонымен қатар, ұйықтар алдында бөлмені желдетіп, бір сағат бұрын гаджеттерді өшірген абзал.
Миды жаттықтырыңыз
Есте сақтау қабілетін жақсартудың ең бір тиімді әдісі – миды жаттықтыру. Кітап оқып, жаңа тілді меңгеру, сөзжұмбақтарды және логикалық сұрақтарды шешу жадқа жақсы әсер етеді.
Денені шынықтыру
Физикалық жаттығулар денені шынықтырумен қатар, мидың белсенділігін арттырады. Жаңа нейрондардың өсуіне ықпал етеді және есте сақтау қабілетін жақсартады.
Дұрыс тамақтану
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін дұрыс тамақтану қажет. Ол үшін күнделікті рационға дәнді дақылдарды, жеміс, көкөністерді, ақуыздар мен балық майына бай өнімдерді қосу керек.
Мнемони әдісі
Мнемотехника, бұл – ассоциация немесе визуализация арқылы ақпаратты есте сақтауға көмектесетін әдіс. Белгілі бір деректі жадта сақтау үшін визуализация жасау жақсы көмектеседі.
Ақпаратты бөліктерге бөлу
Үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтау үшін оны кішкентай бөліктерге бөлу керек. Фрагментация деп аталатын бұл әдіс есте сақтауды жақсартуға көмектеседі.
Қайталау
Есте сақтағыңыз келетін ақпаратты үнемі қарап, қайталаңыз. Қайталау әдісі есте сақтауды күшейтеді.
Стрессті азайтыңыз
Стресс адамның жадына кері әсер береді. Сондықтан есте сақтау қабілетін арттыру барысында стерсс деңгейін төмендету керек. Ол үшін терең тыныс алу, медитация, жаттығу немесе хобби сияқты стрессті басқару әдістерін қолданыңыз.
Әркімнің есте сақтау қабілеті әртүрлі және техникалар барлығына бірдей әсерін бермейді. Сондықтан өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдап, үнемі пайдалану арқылы есте сақтау қабілетіңізді жақсартуға болады.