Алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі

Алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі

Алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі
ашық дереккөзі
50303
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында облыс көлеміндегі ауылдарды дамытуға биыл 17,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарын жаңғыртуға, әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеу жұмыстарына, мамандарды әлеуметтік қолдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталуда. 
«Осы жұмыстарға тұрғындарды ынталандыру мақсатында биылдан бастап облыста «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесінде жеңімпаздарға 14 техника табысталады. Бұдан бөлек, қаланың жеңімпаз шағынаудандарына қосымша скверлер мен спорттық алаңдар салынып, көше, аулаларға жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі», – деді Н.Нәлібаев.
Сонымен қатар әкім тұрғын үй саласы мен инфрақұрылымды дамыту саласында жеткен нәтижелерге тоқталды. Оның айтуынша, облыс көлемінде 31,4 млрд теңгеге 130 мың шаршы метр 1924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 30 үй ел игілігіне табысталады.
«Арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі. Бұған барлығы 1,7 млрд теңге қаржы қаралды», – деп нақтылады облыс басшысы.
Облыс халқының 98,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы 6 ауылдық елді мекен көгілдір отынға қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70%-ға жетті. Биыл 12 ауылдық елді мекен газдандырылып, нәтижесінде газбен қамту деңгейі 75%-ға жетеді. Өңірдің денсаулық сақтау саласында да даму динамикасы байқалады. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы аясында 2023-2027 жылдары облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынады.
«Биыл Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емхана және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 36,4 млрд теңге тұратын аурухана 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға беріледі. Құны 2,7 млрд теңгені құрайтын қан орталығы 2024 жылы пайдалануға беріледі. Қызылорда қаласында 200 төсек-орындық перинаталдық орталық салынады», – деді өңір басшысы.

Серіктес жаңалықтары