Неге психологқа баруға ұяламыз?

Неге психологқа баруға ұяламыз?

Неге психологқа баруға ұяламыз?
ашық дереккөзі
50550
Психология саласында айтарлықтай жетістікке жетсек те, халықтың басым бөлігі әлі де білікті маманның көмегіне жүгінуді ұят санайды. Оның себебі әлеуметтік нормаларға, стереотиптерге және жеке сенімдерге негізделген. Әлеуметтік норма Әлеуметтік нормалар психологиялық денсаулық туралы көзқарасты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Психологиялық терапия туралы қоғамда қалыптасқан қате түсініктердің нәтижесінде адамдардың көбі психологқа барудан қашады. Яғни, олар психологтың көмегіне тек психикасында ауақы бар адамдар ғана жүгінеді деген қате пікірді ұстануда. Жеке сенім Әлеуметтік нормалардың нәтижесінде көп адамдарда жеке сенім пайда болады. Мысалы, белгілі бір мәселені өз бетімен шеше алмауды – әлсіздік деп есептейді. Сондықтан маманның қабылдауына барып, мәселелерін көтеруден арланады. Өзгемен өз проблемасын талқылауды әлсіздік деп санайды. Мәдени факторлар Психологтың көмегіне жүгінуде мәдени фактор да өте қатты әсер етеді. Кей елдерде адамның психологиялық денсаулығы аса назарға алынбайды. Нәтижесінде, психологтың көмегіне зәру адам жақындарынан сөз естіп, қоғамнан шеттеп қалмауы үшін маманның қабылдауына жазылудан қорқады. Жағымсыз әсерлерден қорқу Кейбір адамдар психологқа барғаннан кейін әлеуметтік оқшаулануға ұшыраудан қорқады. Әлде мансап пен жеке қарым-қатынастарына теріс әсер етеді деп алаңдайды. Адамдарды қажетті психологиялық көмекке жүгінуге ынталандыру үшін ұят пен стигматизацияға ықпал ететін факторларды жою өте маңызды. Психологиялық денсаулық туралы мифтер мен қате түсініктерді жоюға арналған насихат жұмыстары бұл бағытта көп септігін тигізеді.

Серіктес жаңалықтары