50574
Президент Жарлығымен Аружан Саин қызметінен босатылды
Президент Жарлығымен Аружан Саин қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин қызметінен босатылып, Динара Зәкиева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.