50444
Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды
Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды
Талдықорғанның білім саласын басқарған Роза Барманованың денесі Қаратал өзенінің жағасынан табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Өлімге не себеп болғаны анықталып жатыр.
«Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қаратал өзенінен табылды. Факт қала полициясында ресми түрде тіркелді. Тиісті тексерулер бекітілді. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Өлімге не себеп болғаны анықталады», – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.Естеріңізге сала кетсек, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016-2022 жылдар аралығында басқарған.