50930
Жапон мұғалімдері кезекке тұрмайды, қонаққа барса патшадай күтеді
Жапон мұғалімдері кезекке тұрмайды, қонаққа барса патшадай күтеді
Мұғалімдер күні әлемнің көп жерінде, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Корея және Вьетнам сияқты кейбір Азия елдерінде аталып өтеді. Десе де жапониялықтар бұл мерекені тойламайды. Экономика, ғылым мен техника жағынан дамыған мемлекеттің ұстаздарға құрмет көрсетіп, күнтізбенің бір күнін арнамағаны несі?!
Оларда мейрам ретінде тойланбағанымен, халық мұғалімдерді ерекше құрметтейді. Тіпті, автобус немесе метроларда ақсақалдардың өзі мұғалімнің белгісі бар жастарға орын беріп жатады. Бұл құрмет жыл бойына көрінеді және тек белгіленген күнмен шектелмейді.
Жапон қоғамы білімге көп көңіл бөледі және болашақ жас ұрпақты қалыптастырудағы мұғалімдердің рөлін ерекше бағалайды. Сол себепті мұғалімдердің маңыздылығы білім беру жүйесінде үнемі танылады және атап өтіледі.
Жапонияда арнайы мұғалімдер күні болмаса да, мұғалімдер алғысқа бөлінетін басқа да мерекелер бар. Мысалы, «Кокумин но кюдзицу» немесе «азамат мерекесі» деп аталатын дәстүр бар. Онда адамдар мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде мұғалімдерге де алғыс білдіреді.
Сонымен қатар Жапонияда ұстаздарға арналған дүкендер бар. Онда мұғалімдерге атаулы жеңілдіктер қарастырылған.
Жапонияда мұғалім деген – ең ұлы мамандық, ең ұлы адам. Мемлекеттегі кәсіпкерлер дүкендеріне мұғалімдер келіп жатса, қуанады, оны мәртебе көреді.
Метрода оларға арналған арнайы орындар бар. Сонымен қатар олар кез келген транспорттың түріне билет алуға кезекке тұрмайды.