Айына – 96 мың: депутат мектеп кітапханашыларының еңбекақысын көтеруді ұсынды

Айына – 96 мың: депутат мектеп кітапханашыларының еңбекақысын көтеруді ұсынды

Айына – 96 мың: депутат мектеп кітапханашыларының еңбекақысын көтеруді ұсынды
ашық дереккөзі
50300
AMANAT партиясының электоралды уәделерінің негізінде кітапхана қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыру қарастырылған. Алайда, бүгінде бұл шешім тек мәдениет саласына қарасты 4 мыңнан астам кітапханашыны ғана қамтып, қалған 8 мың педагогикалық салаға жататан кітапхана қызметкерлеріне таралмай отыр. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл Палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға өзінің депутаттық сауалын жолдады. Депутаттың айтуынша, сауалға жалпы еліміздің білім саласына бағынысты кітапхана қызметкерлерінің, оның ішінде Қостанай облысының  мектеп кітапханашыларының ұжымдық үндеуі себеп болды. Мысалы, мәдениет саласының кітапханашылары негізгі құрамға жатады және еңбекақыны А (меңгерушілер) және В (қатардағы кітапханашылар) төлем топтары бойынша алып, оларға санаты үшін қосымша ақы төленеді. Зияткерлік мектептеріндегі кітапханашылар педагог-кітапханашы ретінде аттестациядан өткен. Ал орта білім ұйымдарының кітапханашылары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біліктілік санаты үшін қосымша төлемнен айрылып, мектеп кітапханаларының меңгерушілері көмекші персоналға жатқызылып, С1 шаруашылық бөлімше меңгерушісі еңбекақы тобына енгізілген. Қазақстан Республикасында 8 мыңға жуық мектеп кітапханашысы жұмыс істейді, олардың 30 пайызы шағын жинақталған мектептерде толық емес ставкада, олар 3,5 миллион мектеп оқушысы мен жарты миллион мұғалімге қызмет көрсетеді. Ең жоғары есеппен алғанда 136 мың теңгеден, барлық шегерімдерден кейін, кітапхана меңгерушісі 96 мың теңге қолына айлық алады. Жалпы білім беретін мектептердің штаттарына сәйкес 21 сынып жинақталса, директордың орынбасарлары, психолог, медбике, бухгалтердің 1,5 ставкасы енгізілген. Бірақ бұл норма мектеп кітапханашысына қолданылмайды, олар үшін қосымша ставка тек 30 сынып жиналса енгізіледі. Бұл бүгінде жұмысының жүктемесі жоғары кітапхана қызметкерлері үшін саладағы кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауына алып келуде. Осыған сәйкес, АMANAT  партиясы фракциясы келесі ұсыныстарды енгізеді: Біріншіден, мектеп кітапханашыларының еңбекақысын мәдениет саласындағы кітапханалардағы еңбекақы деңгейіне дейін арттыру туралы мәселені шешуіңізді, Үкіметтің тиісті қаулыларына өзгеріс енгізуіңізді сұраймыз. Екіншіден, мектеп кітапханасының 1 қызметкеріне жүктеме нормативтерін қайта қарап, мектеп кітапханасы меңгерушісінің 14 сынып жинақталса – 1 ставка, 21 сынып  жинақталса – 1,5 ставка, 28 сынып  жинақталса – 2 ставка өлшемшарттарын бекіту өзекті. Үшіншіден, оқу қорымен жұмыс істегені үшін 30 пайыз қосымша төлемдерді негізгі лауазымдық жалақысы емес, лауазымдық жалақыдан есептеп, есептеу тәртібін қайта қарастыру абзал.

Серіктес жаңалықтары