«Дәретханасы далада»: Динара Зәкиева Түркістан облысындағы лагерьге қатысты пікір білдірді

«Дәретханасы далада»: Динара Зәкиева Түркістан облысындағы лагерьге қатысты пікір білдірді

«Дәретханасы далада»: Динара Зәкиева Түркістан облысындағы лагерьге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50274
Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы лагерьлердің бірінде түсірілген резонансты видеодағы жағдайды тексеру үшін Динара Зәкиева ауданға барған. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Балалармен сөйлесіп, жағдайларын қарап шықтым. Қазір лагерьде ауысым басында болған 600 баланың 190-ы ғана қалған екен. Қалғанын ата-аналары үйге алып кеткен. Балалар лагерьді өздері көрсетіп шықты. Бағдарлама, тәрбиешілер және бұл жерде өткізген уақыттары ұнап жатыр дейді. Бірақ лагерьде балаларға дұрыс жағдай жасалмаған» деп жазды Динара Зәкиева.
Оның айтуынша, ұйымдастырушылар жалға алып, балаларға қызмет көрсетіп жатқан ғимараттары өте ескі.  width=
«Ағымдағы жөндеу жұмыстарының өзі көптен жүргізілмеген сияқты. Қабырғалардың бояуы опырылып түсіп жатыр, бөлмелерде 12 кереуеттен, бәрі ескі. Барлығы тозған күйде. Ас үйде кейбір азық-түлік сақтау нормалары сақталмаған. Дәретханалары далада, қазіргі жағдайы нашар. Оны ғимараттың ішінде салуға да болушы еді. Бассейн мүлдем жұмыс істемейді, әкімшілік оны тазалап жатырмыз деді, дегенмен ол да жөндеуді талап етеді», - деді ол.
 width= Мемлекеттік органдар бұл лагерьде тексеріс жүргізіп жатыр.
«Мұндай мәселе неліктен туындайды? Мысалы, Түркістан облысында тек 6 мемлекеттік лагерь бар. Жазғы демалыспен көбірек баланы қамту үшін әкімдіктер жекеменшік лагерьлерге мемлекеттік тапсырыс береді. Ал қазір бұның бірыңғай тәсіл, ереже, стандарттары мен талаптары жоқ. Сондықтан алдымен заңды өзгерту керек. Біріншіден, бірыңғай ережелер мен талаптарды енгізу керек. Екіншіден, лагерьлер ашылғандары туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету керек. Себебі қазір лагерьді ашу үшін тек Төтенше жағдайлар басқармасы мен СЭС-тен рұқсат алу жеткілікті. Осылайша, лагерьді кез келген мекеме ашып жүр. Сайрам ауданындағы мемлекеттік лагерьлердің біріне де барып келдік. Ондағы жағдай сәл жақсырақ, дегенмен дәретхана мен бассейн онда да қорқынышты күйде. Дәретхана тағы да далада. Мұның бәрін әкімдік өкілдеріне жеткіздік. Сонымен қатар, Төлеби ауданында орналасқан ЕҚБ балаларға арналған МӘМ-ге де барып келдік», - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
 width= Динара Зәкиеваның айтуынша, жалпы, елімізде 120 мемлекеттік, 98 жекеменшік лагерь, 900 шатырлы, 9,5 мың мектеп жанындағы лагерь бар.
«Әріптестеріммен бірге енді барлық лагерьді тексеріп шығуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ әкімдіктермен мемлекеттік лагерьлердің бәрінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді пысықтағымыз келеді» деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары