472
Трамп көші-қон заңдарын күшейтуге уәде берді
Трамп көші-қон заңдарын күшейтуге уәде берді
АҚШ президенті Дональд Трамп ел қауіпсіздігі үшін көші-қон заңдарын күшейтетіндігін мәлімдеді.
Бұған қоса ол ірі қаржы компаниялары үшін Барак Обама әкімшілігі енгізген салықтарды түсіретінін хабарлады. Трамптың айтуынша, жаңа әкімшілік Құрама Штаттардан тыс аймақтарға шыққысы келетін компанияларға жұмыс жағдайын қиындатады.
Трамп өзінің басым бағыттары ретінде жаңа жұмыс орындарын ашу мен заңсыз иммиграцияға қарсы күресу екенін айтты. 26 қаңтарда ол заңсыз иммигранттарға қарсы күресті күшейту туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа заң бойынша, АҚШ пен Мексика шекарасында қабырға тұрғызылады. Өткен аптада елде полиция тексеру жүргізіп, құжаттары жоқ шетел азаматтары ұсталған.