50551
Тарихта қалған ең ірі банк тонау фактілері
Тарихта қалған ең ірі банк тонау фактілері
Талай фильмнің сюжетіне арқау болған банк тонау фактілері шынайы өмірде болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Сіздердің назарларыңызға ең ірі 5 оқиғаны ұсынамыз.
Қытайдағы ең ірі ауылшаруашылық банкі
2007 жылдың сәуір айында Қытай тарихындағы ең ірі банк тонау фактісі тіркелді. Ауылшаруашылық банкінің провинциялық филиалдарының бірінде 6,7 миллион доллар ақша ұрланды. Қарақшылықты банктің екі менеджері жасаған. Ал олардың сыбайласы ретінде 2 күзетші болған. Банкті тонағаннан кейін олар казиноға барып, құмар ойынға ақшаның басым бөлігін тігіп жіберген. Ұсталған 2 менеджер өлім жазасына кесілді.
Ирландия банкі
2009 жылдың ақпанында Дублинде орналасқан Ирландия банкі тоналды. Қарақшылар тобында әріптесін банк қоймасынан 9 миллион еуро шығаруға мәжбүр еткен банк қызметкерлері болған. Ол үшін оның қызын кепілге алған. Кейінірек тонауға қатысы бар деген 7 адам қамауға алынды.
Бразилия Орталық банкі
2005 жылы қарақшылар тобы жақын маңдағы ғимараттан жергілікті банк қоймасына туннель қазды. Олар өзгелерге өздерін абаттандыру бизнесімен айналысатын компания мүшесіміз деп таныстырады. Сондықтан кеңсе аумағынан шығарылған топырақ пен тастардың үйінділері ешқандай күдік тудырмаған. 3 ай туннель қазған қарақшылар 70 миллион долларды үптеп кетеді. Полиция басты күдіктілерді әлі таппаған.
Ирактағы Орталық банк
2003 жылы 6 мамырда The New York Times Ирак соғысы басталардан бірнеше күн бұрын елдің Орталық банкінен 1 миллиард доллар қолма-қол ақша ұрланғанын хабарлады. Мұны кейінірек АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі растады.
Баспасөздің мәліметінше, тақтан тайдырылған президенттің ұлы Кусей Хусейн кеңесшімен бірге банкке 18 наурызда таңғы сағат 4-те барып, 900 миллион доллар және 100 миллион еуроны беруді талап еткен. Қомақты қаражатты алып, екі сағат ішінде үш жүк көлігіне тиеп, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Әлемдік баспасөз бұл оқиғаны «тарихтағы ең ірі банк тонау» деп атады. Кейінірек Саддам Хусейн сарайларының бірінен ірі көлемде ақша табылған. Оның ішінде 650 миллион доллар қолма-қол ақша да бар. Бірақ бұл орталық банктің ақшасы екендігі дәлелденбеді.
Ирландияның Солтүстік банкі
Солтүстік банк Белфаст қаласында орналасқан. Ұрылар банктен 50 миллион фунт стерлингті қолды еткен. Оқиға 2004 жылдың желтоқсан айында болған. Қарақшылардан құралған топ оқиға болар алдын бір түн бұрын өздерін «полицейміз» деп таныстырып, банктің 2 қызметкерінің үйіне кірген. Ертесінде ұрылар қызметкерлердің көмегімен банктен қомақты қаражатты алып кеткен.