«Шекаралас аудандарды қалпына келтіру»: Қатон-Қарағай жұрты Президент бастамасына қолдау білдірді (ВИДЕО)

«Шекаралас аудандарды қалпына келтіру»: Қатон-Қарағай жұрты Президент бастамасына қолдау білдірді (ВИДЕО)

«Шекаралас аудандарды қалпына келтіру»: Қатон-Қарағай жұрты Президент бастамасына қолдау білдірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50248
Қатонқарағай жұрты Президенттің шекаралас аудандарды қалыпқа келтіру бастамасын ерекше ықыласпен қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Тұрғындар Президенттің Ұлттық құрылтайда көтерген бастамасына алғыс айтып, қолдау білдірді.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қатон-Қарағай ауылының тұрғындары сіздің Түркістандағы Ұлттық құрылтайда көтерген пікірлеріңізді ерекше ілтипатпен қабылдады. Amanat партиясының бастамасымен және сіздің қолдауыңызбен Қатон-Қарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарын қалыпқа келтіру туралы шешіміңіз елдің еңсесін көтерді. Біз үшін, бұл - көптен күткен тарихи сәт, ортақ аманатымыздың орындалған күні. Сіз «Әділетті Қазақстанның» бас архитекторы ретінде шекаралас аудандардың тұрақты дамуына бағытталған тарихи шешімдер қабылдадыңыз. Қатон-Қарағай халқы сізді толық қолдайды. Президент мырза, Алтайдың төріндегі қатонқарағайлықтардың ыстық лебізін, ризашылығын қабыл алыңыз. Сізге деген алғысымыз шексіз!» - деді аудан тұрғындары бейнежолдауда.
Еске салайық, жақында Түркістанда  өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы бастамасын жариялады.
«Мен Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе. Осы мәселені көпке созбай, шешуіміз қажет. Жалпы, аудандарды қосу немесе тарату ондағы жұрттың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Шешім қабылдаған кезде халық саны, экономикалық әлеуеті, инфрақұрылымы түгел ескерілуге тиіс», - деп атап өтті Президент Ұлттық құрылтайда.
https://www.youtube.com/watch?v=OgUkZKObVkQ&ab_channel=QopQopgeeen

Серіктес жаңалықтары