51228
Жаңбыр жауып, күн суытады: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр жауып, күн суытады: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Алдағы күндері терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райын айқындайды.
«Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейіп, оңтүстік-батыста - шаңды дауыл болады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді», - делінген хабарламада.