50572
Бас сүйегі сынған: жел ұшырып кеткен бүлдіршіннің жағдайы ауыр
Бас сүйегі сынған: жел ұшырып кеткен бүлдіршіннің жағдайы ауыр
2015 жылы туған жеткіншек профессор Мақажанов клиникасына жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz өңірдің Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Баланың бас миы ауыр жараланған. Бас сүйегі бірнеше жерден сынған. Білегінің де сүйегі сынған. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Қираған алаңда зардап шеккен 2014 жылғы тағы бір жеткіншектің миы шайқалып, денесі көгеріп қалған. Ол облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған. Ауа райына байланысты Қарағанды орталық саябағында барлық ойын-сауық нысандарының жұмысы тоқтатылды. Аттракциондар, катамарандар, қайықтар жұмыс істемейді. Айта кетейік, 19 маусым сағат 14.00-де «Көгілдір тоғандар» шағынауданында қатты дауыл соғып, ойын алаңына төселген жасанды төсенішті жұлып әкетті. Салдарынан екі бала зардап шекті.