«Бізге үлгі болды»: Қанат Айтбаев әкесі туралы жазба жариялады

«Бізге үлгі болды»: Қанат Айтбаев әкесі туралы жазба жариялады

«Бізге үлгі болды»: Қанат Айтбаев әкесі туралы жазба жариялады
ашық дереккөзі
50647
Әлемге танылған қазақтың біртуар әншісі Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев бір апта бұрын дүниеден озды. Ұлы Қанат Айтбаев әкесі туралы Facebook парақшасында жазба жариялап, көңіл айтқандарға алғысын білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жазмыштан озмыш жоқ екені рас екен, әкем Құдайберген бабалар салған жолға түсіп, мәңгілік мекеніне қайтты. Ешкімге қатты сөз айтып көрмеген, бізді мейірімге шомылдырып өсірген, өмірде адалдықты ту еткен, уәдеге берік, өз ісіне өте ықтиятты жан еді. Немерелеріне ерекше қамқор болатын. Әрқайсысын айналып-толғанып, жылт еткен жақсы жаңалықтарына шаттанып, үйдің ішін ерекше шуаққа бөлеуші еді. Анамыз Миуа екеуі қол ұстасып 55 жыл бақытты ғұмыр кешті. Ата-анамыздың өнегелі ғұмыры бізге үлгі болды. Әкем отбасы құндылығы, татулығы жөніндегі ғибратын ұл-қыздарының құлағына үнемі құйып отыратын. Бізді өмірге құштар етіп өсірген ғазиз әкемнің алдынан жарылқағай!» деп жазды Қанат Айтбаев.
Ол қайғысын бөлісіп, көңіл айтқан барша азаматтарға алғысын жеткізді.
«Бірнеше күннен бері біздің қайғымызды бөлісіп, азайтып, көңіл білдіріп жатқан барша тума-туыс, ағайынға, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, еліміздің көптеген лауазымды азаматтарына, әлемнің төрт бұрышындағы Димаштың жанкүйерлеріне, әлеуметтік желі арқылы тілектерін жеткізіп жатқан әрбір жанашыр жанға отбасымның атынан басымды иіп алғыс айтамын. Барлығыңызға Алла разы болғай! Өзің жайлы өткен шақта айту қандай қиын еді, әкетайым ...Жатқан жерің жарық болғай», - деді Димаштың әкесі.
 

Серіктес жаңалықтары