Kaspi банк қызметкерлерін кепілдікке алған жігітке жаза тағайындалды

Kaspi банк қызметкерлерін кепілдікке алған жігітке жаза тағайындалды

Kaspi банк қызметкерлерін кепілдікке алған жігітке жаза тағайындалды
ашық дереккөзі
50281
2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады деп хабарлады turkystan.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап. Айта кетейік, 18 маусым күні Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген А.Мурадов тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді.

Серіктес жаңалықтары