279
Бишімбаев зауыт құрылысына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырған
Бишімбаев зауыт құрылысына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырған
«Бәйтерек ҰБХ» Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро өкілдеріне сілтеме жасап.
«Бәйтерек ҰБХ» Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысында «Orda Glass» ЖШС және оның мердігер ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрғанү Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған», — делінген хабарламада.
Жымқырылған қаражат, ұлттық бюродағылардың айтуынша, «Завод строительных металлоконструкций» ЖШС үлестес компаниясы арқылы тамақтануға және жұмысшылардың жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Осы көрсетілген сомадан Қуандық Бишімбаев жеке өзі 2 миллион АҚШ долларын сыйбайласы — інісі С.Нұрлыбектен алған делінеді.
Айта кетейік, Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы 2017 жылдың 10 қаңтарында белгілі болған еді. «Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», — деп хабарлаған еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.