Таласқа түскен Талдыкөл елорданы өрттен құтқарды

Таласқа түскен Талдыкөл елорданы өрттен құтқарды

Таласқа түскен Талдыкөл елорданы өрттен құтқарды
ашық дереккөзі
50252
Төрт жыл қатарынан Кіші Талдыкөлдің үстіне топырақ төгілсе, кешелі бері бас қалада дәл осы көлден тікұшақтың көмегімен өртті сөндіру үшін су тасыды. Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамыс өртін екінші күн қатарынан сөндіруге күш салып жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта өрт сөндіруге Қазавиақұтқару су ағызу құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылған. Бүгін таңертеңнен бастап өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төгілді.
«Әлеуметтік желілерге жарияланған видеолардан Талдыкөлден су алынғанын көруге болады. Егер бұл көлдер болмаса, жағдай күрделене түсер еді», - делінген «SOS Taldykol» қоғамдық бірлестігінің хабарламасында.
Қала әкімшілігі Кіші Талдыкөлді құрылыс алаңына айналдырып, зәулім-зәулім үйлер тұрғызбақ болған. Осы тұста астаналықтар аң-құсы бар Талдыкөл картадан жоғалып кетуі мүмкін деп дабыл қағып жүргеніне 4 жылдан асты. Ал жергілікті әкімдік Талдыкөлдің суын құрғатып, орнына әлеуметтік нысандар салмақшы. Тіпті, көлде экопарк құру жұмыстары басталып кеткен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ретроспектива Астаны (@fading.tse)

Серіктес жаңалықтары