Үш жылда қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналады – Зайытов

Үш жылда қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналады – Зайытов

Үш жылда қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналады – Зайытов
ашық дереккөзі
50543
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов алдағы 3 жылда орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылып, қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мен сенемін. Қазақ тілі жалғыз өзі мемлекеттік тіл болып қалады. Үш-ақ жылда. Заң жұмыс істесе болды. Біз соны қалыптастыруға жұмыс істеудеміз. Оның жарты жолына келіп қалдық, – дейді ол.
Депутат мәжілісмендер бұл іске белсене кіріскенін айтты.
"Қазыбек Иса ағамыз бастаған бір топ депутаттар. Бұрын Қазыбек ағам жалғыз еді. Қазір Парламенттің жартысы. Біз осы сұрақтарды Алтай Көлгіновпен талқылағанбыз. Өткенде Тамара Қасымқызы оның орнына тағайындалғанда осы мәселені Қазыбек аға айтты. Біз заңнама ережелерін дайындадық, сіз осыны қаперіңізде ұстаңыз деді. Ол кісі міндетті түрде, деп жауап берді. Демек, біз ол жиналысты асықтырамыз. 2-3 жылда орыс тілі ресми статустан түсіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп істеуге болады", -  дейді Ринат Зайытов.

Серіктес жаңалықтары