50814
10 млн теңге: қазақстандық әншілердің гонорары қанша?
10 млн теңге: қазақстандық әншілердің гонорары қанша?
Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті бұйрық жобасының біріне қосымша берілген құжатта елге танымал әншілердің қанша қаламақы алып жүргені туралы мәлімет ұсынылған деп хабарлады turkystan.kz.
Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасы мен шет елдерде өткізіліп, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды қаржыландыру ережесі мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16-ақпандағы №51 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бұйрығының жобасы.
«Форматына қарай осы санатқа Қазақстан Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі атақтары бар бірнеше өнер иесін бір мезгілде қосуға болады (мысалы, Әлібек Дінішев 5 000 000, Роза Рымбаева 5 000 000 теңге, Айман Мұсаходжаева 5 000 000 теңге, Нұржамал Үсенбаева 2 000 000 теңге, тағы басқалар). Өткізілген іс-шараларды талдай келе, осы санаттағы әртістердің қатысуын қамтамасыз ету қызметтері үшін нақты көрсетілген қызметтердің құны жоба бюджетінің 25% және одан да көп болуы мүмкін, бұл пайыздық қатынастан асып түседі. Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 10%-ға дейін орындау мүмкін емес, осыған байланысты, осы стандартты жобаның жалпы сомасының 25%-ына дейін арттыруды сұраймыз», - делінген құжатта.Құжатта мысал ретінде келтірілген мәлімет: - Димаш Құдайберген – Т10 млн-нан жоғары; - Майра Мұхамедқызы – Т3 млн; - Алишер Каримов – Т1,5 млн; - Асылбек Еңсепов – Т1,3 млн-нан бастап; - Медет Чотабаев - Т1,25 млн-нан бастап; - Алтынай Жорабаева – Т1,5 млн-нан бастап; - Нұрлан Абдуллин – Т1 млн-нан бастап; - Жанар Дугалова – Т1,5 млн-нан бастап; - Айгүл Үлкенбаева – Т700 мың; - Тамара Асар – Т1,2 млн; - Мария Мудряк – Т5,5 млн; - Мирас Жүгінісов – Т5,5 млн; - Ернар Садырбай – Т2,5 млн-нан бастап; - Мади Сыздықов – 700 мыңнан бастап; - Райм (Райымбек Бактыгереев) – Т2,5 млн-нан бастап; - Koba (Қобыланды Болат) – Т2 млн-нан бастап; - Дастан Оразбеков – Т1,5 млн-нан бастап; - Әли Оқапов – Т2,5 млн-нан бастап; - Садриддин Наджмиддин – Т2 млн-нан бастап; - Тұрар – Т1-3 млн-нан бастап; - Madi Rymbaev –Т1,5 млн-нан жоғары; - Әділ Ахметов – Т500 мың; - Берік Айтжанов – Т1,3 млн-нан бастап; - Азамат Сатыбалды – Т1,3 млн-нан бастап; - Сырым Қашқабаев – Т500 мыңнан бастап; - Сағыныш Әбікей – Т550 мыңнан бастап; - Динара Байзақова – Т700 мыңнан бастап.