Мәслихат депутаттары халықтың талап-тілегін жүзеге асырып жатыр

Мәслихат депутаттары халықтың талап-тілегін жүзеге асырып жатыр

Мәслихат депутаттары халықтың талап-тілегін жүзеге асырып жатыр
ашық дереккөзі
50281
Еліміздің барлық өңіріндегі мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, мәселелерін уақтылы шешіп жатыр. Бұл үрдіс Ұлытау облысында да жалғасты. Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов балалардың жаз мезгілінде жұмыс істеу мәселесін шешіп берді. Депутатқа көпбалалы ата-аналар ұжымдық өтінішпен балаларын жаз мезгілінде жұмысқа орналастыру жөнінде өтінім білдірген. Ол бұл сұрақты Жезқазған қаласының әкімімен бірлесіп шешіп, Кеңгір су қоймасының жағажайын тазалау бойынша 150 жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты, Ұлттық спорт түрлері бойынша жаттықтырушы, Ұлытау облысы бойынша ұлттық спорт түрлері спорт федерациясының президенті Қайсар Сейпішов Ұлытау облысының спортшыларының сұрауымен осы жылдың 3-мамыры мен 10-ы аралығында ұлттық спорт түрі аударыспақтан облыс чемпионатын өткізіп, спортшылардың ҚР Азия чемпионатына қатысуына мүмкіндік жасады. Депутат Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі халқының ұсынысы бойынша халыққа тиесілі жерді қайтару жөнінде ұсынысты қабылдап, аудандық Жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Құрмашев, Түгіскен ауылдық округінің әкімі С.Сәлкебаев, Ұлытау облысының мәслихат депутаты Қ.Б.Мұқанов және аудандық мәслихаттың депутаты Қ.А.Сейпішовтің қатысуымен өткен жиында жердің халыққа берілуін қамтамасыз етті. Алдағы уақытта құжаттарын қадағалайды. Бұдан бөлек, Жаңаарқа ауданының Ардагерлер кеңесінде депутаттық сауалнамаға  жауап ретінде шөп өлшейтін таразы орнатылуын қамтамасыз етіп, жұмыстың орындалуын қадағалайтынын жеткізді. Жергілікті халықтың сұранысы бойынша Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы Ахат Құрмансейітовтың ұсынысымен «Ұлытау-Сарлық», «Қарсақбай-Байқоңыр», «Сарысу-Түйемойнақ» бағытындағы автокөлік жолын жөндеуге қаржы қаралды. Сарысу ауылының ішкі көше жолдары Сүйінбай, Уәлиханов көшелерін жөндеуге 61 млн теңге бөлініп, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Марфуға Әбілдинаның ұсынысымен Қаракеңгір-Алғабас бағытындағы автокөлік жолын жөндеуге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Гүлдана Асанханованың ұсынысымен №1 Ұлытау орта мектебіне және №6 Жезді орта мектебіне автобус көлігін алуға қаржы бөлінді. Депутат №1 Ұлытау орта мектебінде тарих пәнінен сабақ береді. Қорыта айтқанда, тұрғындар қолайлы өмір сүруі үшін мәслихат депутаттарының қосып жатқан үлесі орасан зор.

Серіктес жаңалықтары