Маңғыстаудағы балабақша бір принтерді 10,7 млн-ға сатып алмақ болған

Маңғыстаудағы балабақша бір принтерді 10,7 млн-ға сатып алмақ болған

Маңғыстаудағы балабақша бір принтерді 10,7 млн-ға сатып алмақ болған
ашық дереккөзі
50263
Маңғыстаудағы балабақша мемлекеттік сатып алу порталында принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден алмақ болған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мысалы, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны - 100 мың теңге. Департамент берген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.
Айта кетейік, меморгандар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызмет бағасына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары