Елордада Астананың туған күніне орай ең ауқымды Kitap Fest кітап фестивалі өтеді

Елордада Астананың туған күніне орай ең ауқымды Kitap Fest кітап фестивалі өтеді

Елордада Астананың туған күніне орай ең ауқымды Kitap Fest кітап фестивалі өтеді
ашық дереккөзі
50456
7 шілде күні Астана қаласы, «Нұр Әлем» павильонының алдындағы EXPO аумағында Kitap Fest кітап фестивалі өтеді деп хабарлады turkystan.kz.  width= «Kitap fest» кітап фестивалі – Қазақстанда 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан ең ірі мәдени-бұқаралық іс-шара. 9 жыл ішінде ол шығармашылық жазушылық кездесулердің беделді және қуатты алаңына, сондай-ақ отбасылық мерекеге айналды. Мұнда өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 300-ден астам кітап таныстырылды. Кітап фестивалі қарапайым кітап алмасудан мәдени-ағартушылық іс-шараға айналып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды. Астана қаласында Kitap fest алғаш 2019 жылы өтті.  width= Биыл астаналықтарды Елорда күніне арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Мерекеде белгілі жазушылармен және блогерлермен кездесулер болады: Үнзилә Мыңбай, Ұларбек Нұрғалым, Мирас Асан, Перизат Мырзахмет және тағы басқалар. Бұл - 30-дан астам дүкен, баспалар мен интернет-дүкендер тұтынушыларға фестиваль аясында арнайы жеңілдіктер ұсынатын кітап жәрмеңкесі. Сонымен қатар қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастай алады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламасы күтеді.  width=

Серіктес жаңалықтары