Ақтөбеде ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

Ақтөбеде ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

Ақтөбеде ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды
ашық дереккөзі
50478
Ақтөбеде 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер адам есірткі таратумен айналысқаны үшін 11 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында ерлі-зайыпты 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер азаматты ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткіге мас күйде болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келіні құрайтын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді. Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыптылар сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары