50412
26 жастағы қазақ Қытайдан Қарағандыға 50 күнде жаяу жетті (ВИДЕО)
26 жастағы қазақ Қытайдан Қарағандыға 50 күнде жаяу жетті (ВИДЕО)
26 жастағы қазақ азаматы Қытайдан Қарағандыға жаяу жетті деп хабарлады turkystan.kz.
Есбол Асқарұлы 50 күнде үш мың шақырымнан астам жол жүрген. «Сарыарқа» телеарнасының хабарлауынша, Қытай азаматы өз сапарын алда келе жатқан Қазақстан астанасы күніне арнамақ. Қарағанды жұрты марафоншыны ерекше сый-құрметпен қарсы алды. Есбол Асқарұлы өзге елде жүрген қазақтарды «қандас» деп атауды ұсынған Президентке және қазақ халқына алғыс айтты. Оның айтуынша, ата-бабасының жеріне жетуіне ауа райы кедергі болмаған. Саяхатшы Қазақстанның бай табиғатына таңданысын жасырмады.
«Біз әлемнің 36 еліне тарап кеттік. Ата-бабамның киелі жерлерінен өттім. Барша этникалық қазақтардың атынан өз миссиямды орындадым деп айта аламын», - деді ол.