Саяси аренада ауылдасты, руласты лауазымға тықпалауға жол бермеуіміз керек – Саиров

Саяси аренада ауылдасты, руласты лауазымға тықпалауға жол бермеуіміз керек – Саиров

Саяси аренада ауылдасты, руласты лауазымға тықпалауға жол бермеуіміз керек – Саиров
ашық дереккөзі
50335
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz. 
«Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда ұлт болып сақталып, халық болып қарыштаудың бір-ақ жолы бар. Ол - ұлттық бірлік, мемлекеттік ынтымақ, өзара ықпалдастық. Қазақ «Не ексең, соны орасың» дейді. Біз саяси аренада протекционизмге, өзіңнің жақын-жақпайыңды, ауылдасыңды, руласыңды лауазымға тықпалауға жол бермеуіміз керек! Протекционизм - бүгінгі күрделі заманда азаматтардың мемлекетке деген сенімді коррозияға ұшырататын ең басты залал! Сондықтан, «AMANAT» партиясының депутаттары өздерінің игі істерімен, ұлағатты ойларымен, нақты қадамдарымен халыққа үлгі болып, жаңа тұрпаттағы саяси мәдениетті қалыптастырудың эталонына айналуы керек. Барлығымыз мемлекетшіл, әділетшіл болсақ, ұлтымыздың рухани әлемі де арайланып, халқымыздың мерейі үстем болары анық!» - деді Ерлан Саиров.

Серіктес жаңалықтары