Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
ашық дереккөзі
50298
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Мемлекет басшысына өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындысы туралы мәлімет берілді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты. Сонымен қатар Президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды. Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс. Мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігіне және әділ сот жүйесіне сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударды.

Серіктес жаңалықтары