50321
Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашқан ұлы жазалана ма?
Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашқан ұлы жазалана ма?
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлына қатысты түсінік берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ол әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ өз еркімен кетіп қалған. Атап айтқанда, әскер – жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Аталған мәселені тәрбиеден болған кемшілік деп санаймын», – деді Руслан Жақсылықов.Бұл тұрғыда ол отбасында жастардың тәрбиесіндегі кемшіліктерді әскер қатарында бірден еңсеру мүмкін емес екенін айтты.
«Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін», – деді министр.