Елімізде күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс жасалады

Елімізде күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс жасалады

Елімізде күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс жасалады
ашық дереккөзі
50241
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға жасалған қылмыстарға берілетін жазаны күшейтуді, бала қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті арттыруды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс, ал балалар арасында 5 қылмыс жасалады. Күніне 1-2 бала өз-өзіне қол жұмсайды немесе жұмсауға тырысады. Жылына 100 бала терезеден немесе ашық жатқан люктерге құлап кетіп жатыр. Сондықтан заңға балаларға жасалған қылмыстарға берілетін жазаны қатаңдататын, бұл нәрселердің алдын алатын және бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жауапкершілікті күшейтетін түзетулерді енгізу үшін жұмыс істейтін боламыз» деп жазды ол Facebook желісінде.
Сонымен қатар Динара Зәкиева отбасыларға, әйелдерге, балаларға арналған мемлекеттік бірыңғай байланыс орталығын құру да маңызды екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары