Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысында маңызды нысандарды аралады

Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысында маңызды нысандарды аралады

Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысында маңызды нысандарды аралады
ашық дереккөзі
50420
Мәжіліс депутаттары Бауыржан Смағұлов пен Арман Қалықов Балқаш қаласындағы «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-не барды деп хабарлады turkystan.kz. Онда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын талқылады. Еңбек ұжымымен кездесуде Арман Қалықов жабдықты жаңарту мәселесін көтерді.
«Өздеріңіз білетіндей, қыста болған төтенше жағдай Екібастұзда жылу желілерінің, оның ішінде жылу электр орталықтарының жабдықтарының тозғанын көрсетті. Бүгінде еліміздің барлық Жылу электр орталықтарының ескірген жабдықтарын жаңарту қажет. Меншік иелері үшін бұл бағыттағы жұмысты жандандыру маңызды», - деді депутат.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды алға тартып, нақты жауап алды. Одан әрі депутаттар Балқаш мыс балқыту зауытының тыныс-тіршілігімен, қаланы абаттандыру барысымен танысып, азаматтардың өтініші бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.  width=

Серіктес жаңалықтары