Алматыда 7 қыз жабылып ұрған бойжеткен 3-қабаттан секіріп кеткен

Алматыда 7 қыз жабылып ұрған бойжеткен 3-қабаттан секіріп кеткен

Алматыда 7 қыз жабылып ұрған бойжеткен 3-қабаттан секіріп кеткен
ашық дереккөзі
51975
Алматыда 20 жастағы бойжеткенді жеті қыз жабылып ұрып-соғып, қоқан-лоққы көрсеткен. Оларға тағы бір жігіт қосылып, қызды зорламақ болған. Жәбірленуші қашып құтылу үшін ғимараттың 3-қабатынан секіріп кеткен деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап. Телеарнаның хабарлауынша, оқиға Алматыдағы Абылай хан көшесінің бойында тәулікке жалға берілетін үйлердің бірінде болды. Қалаға арман қуып, жұмыс істеуге келген жас қызды құрбысының таныстары алдап үйінен шығарып, артынша соққыға жығып, қинап, жезөкшелікке итермелеген. Ал бойжеткен ондай теріс жолға түскеннен, өлім артық деп биіктен секіріп кетті. Аты-жөнін атамауды жөн көрген қала тұрғыны 2 айға жуық уақыт төсекке таңылып жатыр. 20 жастағы бойжеткен жантүршігерлік оқиғадан кейін аяғына тік тұра алмайды. Оның қолы, саусақтары, екі аяғы мен арқасы сынып, зақымданған, миы шайқалған.
2 сағат беремін, сол уақытта 100 мың теңге қойып бересің деді маған. Қолында пышақ болды, олар 5 жігітті кіргізіп беремін осы квартираға солармен жатасың деп айтты. Осындай приложениямен жұмыс істейсің деді, істемеймін деп қоймай қойдым. Сол кезде квартираға бір еркек келді, сосын Аружан деген қыз тұрды да мына қызды ал да кіре бер деп айтты. 10 мың теңге деді… Сол кезде не істерімді білмей, кухняға қарай шықтым, терезе ашық тұр екен. Мен секіріп кеттім, - дейді жәбірленуші.
Анасының айтуынша, қыз шошып қалған, түнде дұрыс ұйықтай алмайды. Төсекке байланған сәттен бері өзі жұмыстан шығыпты. Құзырлы органға жүгініп, көмек сұраған. Алайда іс бір орында тұр.
"Өмір сүргім келмейді анашым, сізге масыл болдым" деп жылайды. Дәрігерлер тұруға болмайды деді. Алмалы аудандық полиция басқармасына қаншама рет хабарластым. Арыз жаздым, біреуі қаралып жатыр деді, біреуі ондай арыз жоқ деді. Мен 18-і күні барғанда ешқандай арыз болмаған, бәрін утилизацияға жібере салған, архивқа дейді. Не себепті жібересіздер дегенде, сіздің қызыңыз қол қойып берді, ешкімге шағымданбаймын деп деді. Мен қызымның қолы сынған, қалай сіздерге жазып береді деп айттым, - дейді жәбірленушінің анасы.
Ал Алматы қалалық Полиция департаментінің ақпаратынша, қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бұл іске қатысты қылмыстық іс тіркеліп, Алмалы аудандық полиция басқармасымен тергеу жүргізіліп жатыр. Объективті жағдайлар анықталуда. Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында, - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Зардап шеккен бойжеткен мен оның туыстары бұзақыларды жазалап, әділетті іс жүргізуді талап етіп отыр. Жәбірленуші ұзақ уақыт ем қабылдап, оңалту шараларынан өтуі керек. Алайда дәрі-дәрмек пен емге кететін шығын оларға үлкен салмақ салуда. Себебі көпбалалы отбасында тек әкесі жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары