50246
Назарбаевтың еңбегіне әділетті баға беруіміз керек – Тоқаев
Назарбаевтың еңбегіне әділетті баға беруіміз керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында сөйлеген сөзінде елорданы Сарыарқа төріне көшіру туралы шешім қабылдаған экс-президенттің еңбегі лайықты бағалануы керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Осындай қиын жағдайда Жоғарғы Кеңес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады», - деді Тоқаев.Президенттің сөзінше, бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды тарихи шешім.
«Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек», - деді Мемлекет басшысы.