Елімізде екінші деңгейлі 9 банк жабылуы мүмкін

Елімізде екінші деңгейлі 9 банк жабылуы мүмкін

Елімізде екінші деңгейлі 9 банк жабылуы мүмкін
ашық дереккөзі
50394
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат жобасында жазылған деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасына келісуден бас тартты. Ал бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді. 2022 жылы агенттік осындай ұйымдардың басшысы лауазымына ұсынылған 10 кандидатты келісуден бас тартты», – деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.

Серіктес жаңалықтары