50338
Мәжіліс депутаты жылу маусымына дайындық жұмыстарын талқылады
Мәжіліс депутаты жылу маусымына дайындық жұмыстарын талқылады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы өндірістік мекемелерде еңбек ұжымымен кездесті.
Сапар барысында депутат алдымен «3-Энергоорталық» ұжымына барды. Аталған орталық қаланы жылумен қамтамасыз ететін негізгі мекеме. Кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн кВТ*сағ. электр қуатын өндіреді.
Қазіргі таңда мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бас инженер Жансерік Ерботаевтың айтуынша, станциядағы қондырғылар кезең-кезеңімен жаңартылып, электр қуатын өндіру мен қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кедергісіз жүргізілуде. Жалпы Шымкент қаласы бойынша жылу маусымына дайындық жоспарлы жүзеге асырылуда. Кездесу барысында жалақы мәселесі де назардан тыс қалмады.
Одан кейін мәжілісмен «Бал-Текстиль» ЖШС, «Оңтүстік текстиль» бастауыш партия ұйымымен кездесіп, «Гаухар» тігін фабрикасына барды.
Депутаттың кездесуі «Ескек су спорт кешені» спортшыларымен жүздесумен жалғасты. Одан әрі «Көзі көрмейтін және нашар көретін» зағип жандармен және кітапхана ұжымымен кездесті. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан №65 мектептің қосымша ғимараты құрылысымен танысты.
Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін қала аумағында жаңадан 2 индустриялық аймақ ашылып, 80 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.