6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?

6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?

6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?
ашық дереккөзі
50440

Отбасы банкі Instagram парақшасында "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады деп хабарлады turkystan.kz.

Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек:

Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;

Осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.

Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.

"Жас отбасы" бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ пәтерді жаңа үйден де, не қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады.

Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Серіктес жаңалықтары