Оралдағы спорт клубы 50 допты 2,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

Оралдағы спорт клубы 50 допты 2,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

Оралдағы спорт клубы 50 допты 2,5 млн теңгеге сатып алмақ болған
ашық дереккөзі
50201
Мемлекеттік сатып алуларды мониторинг жасау барысында тауарды қымбатқа сатып алу деректері анықталды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Мысалы, орталықтардың бірі 30 ноутбукты 550 мың теңгеден, жалпы сомасы 16,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың шын мәніндегі бағасы 219 мың теңге болған. Осылайша орталық ноутбукты екі есе қымбат етіп сатып алмақ болған. Антикоррупциялық қызметтің тексерісінен кейін орталық мемлекеттік сатып алу бойынша тауардың құнын қайта есептеген. Осылайша бюджет 9,9 миллион теңгеге қысқарған. Дәл осындай жағдай спорт клубында да болған. Мұндағылар 50 доптың әрқайсын 50 мың теңгеге, жалпы 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың негізгі бағасы - 5 900 теңге. Спорт клубының басшылығы да тауар бағасын қайта есептеп, 2 миллион теңге қысқарған.

Серіктес жаңалықтары