12 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

12 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

12 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
ашық дереккөзі
50510
Атырауда 12 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Атырау облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 7 шілдеде болған.
«Күндізгі сағат 13:16 шамасында 12 жастағы жасөспірім Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған тұсында суға шомылған. Алайда, жеткіншек судан қайта шықпай қалған. Жедел құтқару жасағының 3 құтқарушысы оқиға орнына жедел жетіп, өзенге батқан жасөспірімді іздестіруді бастады. Жергілікті уақытпен сағат 14:54-те баланың мәйіті судан шығарылды», - делінген хабарламада.
Биыл су айдындарында шомылу кезеңі бұрынғыдан 15 күнге кеш басталды. Оған Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақтамағаны себеп болған.
«Атырау облысында шомылуға арналған 6 жағажай бар. Оның ішінде Атырау қаласында 3, Жылыой ауданында 2 және Индер ауданында 1 жағажай орналасқан», - делінген ресми ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары