Депутат: Құжаттармен басы қатқан мұғалім балаға қалай көңіл бөле алады?

Депутат: Құжаттармен басы қатқан мұғалім балаға қалай көңіл бөле алады?

Депутат: Құжаттармен басы қатқан мұғалім балаға қалай көңіл бөле алады?
ашық дереккөзі
224
Мәжіліс депутаттары Үкімет сағатында ұстаздарды қағазбастылықтан құтқарудың жолын ұсынды, – деп хабарлайды NUR.kz. Үкімет сағатында депутат, Мәжілістің сот-құқықтық және заңнамалық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова мектептегі құжат айналымын Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне кіріктіру туралы ұсынысын білдірді. Гүлнар Бижанованың айтуынша, құжаттар мен есептерден басы қатқан мұғалімнің балаға жеткілікті көңіл бөле алмайды екен. «Білім және ғылым министрлігінің назарын төмендегі жағдайға аударғымыз келеді. Түрлі формадағы құжаттар мен есептерден басы қатып жүрген ұстаз балаға қалай көңіл бөле алады? Ол жүргізіп жүрген жалпыға міндетті оқу құжаты 18 кестеден тұрады, онымен қоймай, учаскелерді аралайды. Бұл қызметтерді баяғыда-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының құзырына беру керек еді. Күнтізбелік, ұзақмерзімді, ортамерзімді, сабақ жоспары, өзіндік даму жоспары, мектеп жоспары, міне, осылардың барлығы фотоесептерімен қатар жүреді, оның үстіне қағаз журналдар, электронды журнал деген сияқты қосымша міндеттері тағы бар», – деді Гүлнар Бижанова. Сонымен қатар, депутат ханым мектеп мұғалімдерінің жұмысына қажетті құралдарды алу үшін өз қалтасынан қаражат жұмсайтындығына да тоқталды. Ол осындай жағдайда мұғалімдерден баланың көңіл-күйі мен жүріс-тұрысын бақылауды қалай талап етуге болатынын түсінбейтінін жеткізді. «Аталған талаптарды қамтамасыз ету үшін мұғалім өзінің азын-аулақ айлығынан бөле жарып, қағаз-қалам сатып алуға мәжбүр. Мен  қағазды түрлі-түсті етіп басып шығаратын принтерді өз басына  несиеге рәсімдеп алған мүғалімдерді білемін. Өйткені оларға жеке-жеке есепті түрлі-түсті етіп қағазға басып шығару қымбатқа түсіп кетеді», – деді депутат. Осындай мәселелерді жіпке тізген депутат Гүлнар Бижанова Білім және ғылым министрлігіне аталған түйткілдерге қатысты тиісті шара қолдану қажеттігін айтты.  Депутат ведомствоға алдағы жоспары туралы хабарын кез келген ашық ақпарат көздері арқылы жеткізуін өтінді.

Серіктес жаңалықтары