50505
Балаңыз көкөніс жемей ме? – Жауабы табылды (зерттеу)
Балаңыз көкөніс жемей ме? – Жауабы табылды (зерттеу)
Бала көкөністерді көбірек жеу үшін оны марапаттау керек. Жаңа зерттеуге сәйкес, кішкентайлар пайдалы тағамдарды жегені үшін сыйлық алса, табиғи өнімдерге деген қызығушылығы артады. Бірақ берер сыйлық тәтті, зиянды тағам болмауы тиіс.
Маастрихттегі конгресте ұсынылған зерттеу нәтижесіне сәйкес, балаларға жапсырмалар (наклейка) немесе ойыншық тәждерді беру – олардың пайдалы тағамдарды жеуіне септігін тигізген.
Сарапшылар Нидерландыдағы Лимбург балабақшаларында 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға үш ай зерттеу бағдарламасын жүргізді.
Маастрихт университетінің Венло кампусының зерттеушісі Бритт Ван Белком көкөністерді балалардың рационына ерте жастан енгізудің маңыздылығын айтты.
«Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, кішкентай балалар, әдетте, жаңа көкөністі ұнатып жеуі үшін оның дәмін сегіз - он рет көруі керек екен. Балаларды қызықтыру керек екенін түсіндік. Сондай-ақ берілетін сыйлықтар тәбеттеріне қалай әсер ететіні біз үшін өте маңызды болды», - деді ол.«Көкөніс жәшігі» бағдарламасына 598 бала қатысты. Олар үш топқа бөлінді: - көкөніс пен сыйлық берілді; - тек көкөністер берілді; - көкөністер берілмеді. Алғашқы екі топқа үш ай бойы күн сайын балабақшада түрлі көкөністерді сынап көруге мүмкіндік берілді. Сыйақы тобындағылар стикер немесе ойыншық тәж сияқты марапаттарға ие болды. Оларға қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш, пияз, брокколи, бұршақ, қырыққабат және саңырауқұлақтар мен жасыл бұршақтар берілді.
«Көкөністерді сынап көруге деген қызығушылық тек сыйақы алған топтағы балаларда пайда болған. Яғни, балабақшалардағы сәбилерге көкөністерді үнемі ұсыну арқылы олардың әртүрлі көкөністерді тану қабілетін арттырды», — деді Ван Белком.