Бейбіт Шүменов мейрамханада ер адамды соққыға жыққан – ІІМ өкілі

Бейбіт Шүменов мейрамханада ер адамды соққыға жыққан – ІІМ өкілі

Бейбіт Шүменов мейрамханада ер адамды соққыға жыққан – ІІМ өкілі
ашық дереккөзі
50409
Үкімет кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің мән-жайын айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Осыған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл жасаған адамның кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені туралы ақпарат пайда болған еді. ІІМ вице-министрі бұл ақпаратты растады.
"Иә, ол - Бейбіт Шүменов. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір онымен айналысып жатырмыз", - деді Қайрат Сөнтаев.
Вице-министрдің айтуынша, бұл істі "есептен шығарған" учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталған.
"Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, күні кеше ғана министр бұл мәселені көтерді", - деді Сөнтаев.
Сондай-ақ вице-министрге журналистер "соққыға жыққан адамның кәсіпқой боксшы болуы жауапкершілікті ауырлата ма?" деген сауал қойды.
"Ол ұзақ уақыт бойы бокспен айналыспады, сараптама нәтижесі қандай болатынын күтейік", - деп жауап берді Қайрат Сөнтаев.
Сөнтаевтың айтуынша, төбелес кезінде Шүменов сау болған.
"Бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр", - деді министрдің орынбасары.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы ірі сауда орталығында қолында баласы бар ер адамды бір жігіт соққыға жыққан болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысы бар деп боксшы Бейбіт Шүменовті кінәлай бастады.

Серіктес жаңалықтары