Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару: Президент AMANAT фракциясы ұсынған Заңға қол қойды

Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару: Президент AMANAT фракциясы ұсынған Заңға қол қойды

Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару: Президент AMANAT фракциясы ұсынған Заңға қол қойды
ашық дереккөзі
50484
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT фракциясы ұсынған «Заңсыз иелеген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасының мақсаты мен мәні туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан тарқатып жазды.
«Бір жылдан бері Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. Бірақ одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа тәсілдерді қолдану керек деген түсінік қалыптасты. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама заңсыз мүлікті қылмыстық процестік және әкімшілік процестік тәртіппен ғана қайтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан заң жобасы халықаралық тәжірибеге, активтерді азаматтық тәртіппен ерікті немесе мәжбүрлеп қайтаруға негізделген жаңа рәсімдерді көздейді. Активтерді қайтару – күрделі процесс. Бұл бағытта азаматтық және қылмыстық істерге иек арту керек және кейбірінің ескіру мерзімдері болады. Анығырақ айтқанда, қолданыстағы заңнама активтердің тиімді қайтарылуын қамтамасыз ете алмайды» деп жазды ол.
Жанарбек Әшімжанның айтуынша, Заңсыз сатып алынған активтерді қайтарудың негізгі тетігі - азаматтық тәркілеу.
«Бұл жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы конвенцияға, БҰҰ, ЭЫДҰ және Дүниежүзілік Банктің ұсынымдарына) және үздік шетелдік тәжірибеге сәйкес келеді. Заң жобасын әзірлеу барысында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Канада, Австралия және басқа елдердің қылмыстық іс жүргізуден тыс, яғни азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде азаматтық тәркілеу арқылы мүлікті тәркілеу тетіктерін қолданатын тәжірибесі зерттелді. Азаматтық тәркілеудің мәні мынада: мүлікті тәркілеу үшін адам өзінің әкімшілік-билік өкілеттіктерін пайдаланып, активтерді заңсыз сатып алғанын не қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін дәлелдеу қажет. Азаматтық тәркілеудің қылмыстық және әкімшілік тәркілеуден айырмашылығы ескіру мерзімдерімен және қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімдерімен шектелмейді. Сонымен қатар азаматтық тәркілеу олигополиялардың әсерінен қабылдануы мүмкін ескі тексерулердің, актілер мен шешімдердің нәтижелерін назарға алмауға мүмкіндік береді», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты.
Ол Заң қолданылатын адамдардың тізбесіне нақты кім кіретінін айтты.
«Бұл тізімге мына адамдар кіреді: - қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарып отырған және бұрын атқарған адамдар. Оларға Конституцияда көрсетілген барлық лауазымдар, Парламент депутаттары, Конституциялық Соттың судьялары, бұрынғы Конституциялық Кеңестің мүшелері, судьялар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, барлық саяси мемлекеттік қызметшілер мен «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері жатады; - «Олигархтар» деп аталатын неғұрлым ірі кәсіпкерлер (әкімшілік-билік ресурстарын, таныстарды, ықпалын пайдалану нәтижесінде мүлік пен кіріс алғандар); - Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары мен басқарушылары. Сондай-ақ, бұл Заң жоғарыда аталған субъектілермен аффилиирленген белгілі бір адамдар тобына да қолданылады. Бұл туыстарына, достарына, жақын қарамағындағыларға, яғни нақты емес, номиналды иелеріне ресімделген активтер мен заңсыз алынған мүлікті анықтауға мүмкіндік береді. Адал мемлекеттік қызметшілерге, кәсіпкерлерге және инвесторларға қорқатын ештеңе жоқ. Заң ұрлыққа қатысы бар сыбайлас жемқорлар мен олигархтарға қарсы жасалған», - деді Жанарбек Әшімжан.
Оның айтуынша, активтерді қайтару туралы жаңа заң жобасы олигархтардың пара беріп құтылып кетуіне мүмкіндік береді. Активтердің белгілі бір бөлігін беріп, қалғанын сақтап қала алады деген пікір бар.
«Бұл мүлде олай емес. Соттан жай ғана құтылып кете алмайды. Активтерді қайтару ерікті немесе мәжбүрлі сипатта болуы мүмкін. Екі түрдің де заңды негізі бар. Заңсыз сатып алынған активтерді ерікті түрде қайтару ұғымы мен белгілі бір қағидалары енгізіледі. Ерікті тәртіп тұлға мен уәкілетті орган арасындағы келісім негізінде активтерді мемлекетке өтеусіз беруді көздейді. Егер субъект активтерді өз еркімен қайтармаса, онда азаматтық процесс шеңберінде сот шешімдері негізінде мәжбүрлеп тәркілеу қолданылатын болады. Ерікті түрде қайтарылған кезде активтердің барлығын немесе бір бөлігін беруге болады. Бұл мәселені Комиссия қарайды. Егер қаражатты жасыру фактілері немесе өзге де құқық бұзушылықтар анықталса, онда тергеудің барлық тетігі қайта іске қосылады» деп жазды ол.
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган немен айналысатын болады?
«Активтерді қайтару, бұл -  ерекше жұмыс. Мұнда әртүрлі салалардан, оның ішінде азаматтық, қылмыстық құқық пен процестен, халықаралық заңнамадан, шарттық құқықтан арнайы білім қажет. Сондықтан Бас прокуратура жанынан мамандандырылған ведомство – Активтерді қайтару комитетін құрудың жөні бар. Оның Ведомствоаралық комиссиядан айырмашылығы - расталған заңнамалық мәртебесі және біліктілігі жоғары мамандардан тұратын штаты, оның ішінде жеке сектордан - аудиторлар, қаржы аналитиктері, бағалаушылар, бухгалтерлер, наразылық беретін заңгерлер, прокурорлар болады. Заңсыз алынған активтерді қайтару процесінің ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі? Оның ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жұмыс істейтін комиссия құрылады. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, депутаттар, Үкімет мүшелері кіреді. Комиссияға Премьер-министр басшылық етеді. Комиссия активтерді қайтару жөніндегі мәселелерді коллегиялды түрде қарайтын болады. Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығы мен бақылануын қамтамасыз етеді. Қандай да бір уағдаластықтарға немесе құқық бұзушылықтарға жол берілмейді, өйткені оның құрамына кіретін қатысушылар көп болғандықтан, жасырып қалу мүмкін емес. Бұл азаматтық қоғам тарапынан бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Жанарбек Әшімжан.

Серіктес жаңалықтары