50878
Мәжіліс депутаты Келес ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдады
Мәжіліс депутаты Келес ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев бүгін қоғамдық қабылдау өткізіп, Келес ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдады.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, Түркістан облысы мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков, Бахыт Басымбек және аудандық бірқатар бөлім басшылары қатысты.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруды көздеген халық қалаулылары мен билік өкілдері 12-ден аса тұрғынның мұң-мұқтаждарын тыңдап, айтылған өтініштерді бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.
Жалпы, қабылдау барысында Ақжол және Қауыншы ауылының тұрғындары ауыз су құрылыс жұмыстары біткенін, алайда су берілмегенін айтып ықпал етуді сұранды. Ошақты ауыл округінің тұрғыны М.Кожағұлов аудан көлеміндегі ағын су мен мектеп салу мәселесін көтерді.
Нәтижесінде көтерілген өтініштер бойынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев аталған өзекті деген мектеп және су мәселелерінің шешімін табуына көмек беретінін айтып өтті.
Сондай-ақ, қабылдау барысында, ауыл тұрғындары тарапынан ойын алаңшасын салу, жарықтандыру, газ, жер және мәдениет үйлерінің құрылысы туралы өзекті деген мәселелер мен ауыл шаруашылығына қатысты ұсыныстар көтерілді.
Айта кетейік, қабылдау барысында айтылған өтініштер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты мен Келес ауданының әкімдігіне тікелей бақылауында болмақ.