Университет ғимараттары жекеменшікке қалай өткен? – Үкімет тексеру жасады

Университет ғимараттары жекеменшікке қалай өткен? – Үкімет тексеру жасады

Университет ғимараттары жекеменшікке қалай өткен? – Үкімет тексеру жасады
ашық дереккөзі
50769

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Қатысушылар жоғары білім саласындағы бұрын жекеменшікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. 

Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес.

Әлихан Смайылов кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды талдау және қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға беруді тапсырды.

Сондай-ақ кеңес барысында темір жол көлігі саласында да бірқатар монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Серіктес жаңалықтары