5 жасар қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады

5 жасар қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады

5 жасар қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады
ашық дереккөзі
50416
Бес жасар қыздың өлімі оқиғасынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жоғарғы сот тарапынан биыл мамырда кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, күдікті 2023 жылғы мамырда Г.-мен ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары