Стамбұлда тағы жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін

Стамбұлда тағы жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін

Стамбұлда тағы жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін
ашық дереккөзі
50525

Сейсмолог-ғалымдар Мәрмәр теңізінде 7 балдан жоғары жер сілкінісі болады деп болжап отыр. Стамбұл мен Түркияның тағы бірнеше өңірі жерасты дүмпуінен зардап шегуі мүмкін, деп жазды turkystan.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жаңа болжам аймақтағы екі мың жылдық сейсмикалық белсенділік тарихын зерттеу және геофизикалық мәліметтерді талдау негізінде жасалған.

Сейсмология профессоры Халюк Эйидоганның айтуынша, 2030 жылға дейін Мәрмәр теңізіндегі апаттың ықтималдығы 50 пайызды құрайды. Сарапшылар мұндай болжамды халықты қорқыту үшін емес, биліктің алдын ала шара қолданып, дайын болуы мақсатында ескертіп жатқандарын айтады.

Ғалымдар Стамбұл қалалық әкімдігіне апаттың әртүрлі сценарийлерін, тәуекелдерді бағалауды ұсынды. Есептеулер бойынша, мегаполисте 7,5 балдық жер сілкінісі кезінде 90 мыңға жуық ғимарат құлауы мүмкін. Билік зардап шеккендерді қоныстандыру үшін сейсмикалық қаупі төмен аймақтарда резервтік қалалар салуды жоспарлап отыр. Жалпы, табиғат апаты 25 млн адам тұратын Түркияның жеті провинциясына әсер етеді деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары