Инвестиция тарту бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр

Инвестиция тарту бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр

Инвестиция тарту бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр
ашық дереккөзі
50369
Былтыр елімізге тартылған шетелдік инвестиция көлемі 28 млрд долларға жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сыртқы істер министрлігінің инвестицияларды тарту жөніндегі жемісті жұмысының қорытындылары жақында ЮНКТАД-ның 2023 жылғы Әлемдік инвестициялар туралы баяндамасында көрсетілді. Теңізге шыға алмайтын 32 дамушы елге тартылған тікелей шетелдік инвестиция бойынша 6%-ға өсім байқалады. Олардың ішінде ең үлкен көлем Қазақстанға тиесілі. Сондай-ақ Қазақстан посткеңестік кеңістіктің 15 елі арасында және Орталық Азияда 61% үлеспен инвестиция тарту бойынша жетекші орынға ие болды. Бұл ретте, Өзбекстан - 2,5 млрд доллар, Литва - 2,2 млрд доллар, Беларусь - 1,6 млрд доллар, Латвия - 1,5 млрд доллар, Эстония - 1,2 млрд доллар, Түрікменстан - 936 млн доллар, Украина - 848 млн доллар инвестиция тартқан», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзінше, былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28 млрд долларға жеткен. Бұл - 2021 жылғы көрсеткіштерден 17,7%-ға артық. Алмас Айдаровтың айтуынша, аталған меже кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Яғни соңғы рет ең көп инвестиция 2012 жылы тартылған. Онда қаражаттың жалпы көлемі 28,9 млрд доллар болған еді.

Серіктес жаңалықтары