50263
Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалған
Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалған
Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 20-сында сағат 9:50 Әуелбеков көшесі, 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.
«Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.