Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспарды бекітті

Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспарды бекітті

Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспарды бекітті
ашық дереккөзі
50245
Қазақстан Үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоспарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
«Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және т.б. бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды көздейді. Атап айтқанда, іске асырылып жатқан шаралар кедендік тексерулердің тиімділігін арттыруға, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрады. Көлік және қоймалау саласында 2,4% (2022 жылы – 3,2%) көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған. Жоспарды іске асыру бейресми жұмыспен қамтуды азайтуды және заңсыз әрекеттердің жолын кесуді көздейді. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 2022 жылғы 36%-дан 2025 жылы 37,5%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Кешенді жоспар ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

Серіктес жаңалықтары