Путин Африкадағы 6 елге тегін астық жеткізетінін айтты

Путин Африкадағы 6 елге тегін астық жеткізетінін айтты

Путин Африкадағы 6 елге тегін астық жеткізетінін айтты
ашық дереккөзі
50518
Путин екі күндік Ресей-Африка қарым-қатынасы саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлады Turkystan.kz сайты euronews.com-ға сілтеме жасап. Бұл жолы саммитке құрлықтағы көп елдің басшылары мен президенттері қатыспаған. Қара теңіздегі астыққа қатысты даудан кейін, Путин африкалық алты елге астықты тегін жеткізетінін айтып, уәде берді.
«Еліміз көмекке мұқтаж мемлекеттер мен аудандарға, соның ішінде гуманитарлық өнімдерді жеткізуді қолайды. Біз ресурстарды әділетті жүйе арқылы бәріне тең бөліп беру мәселесіне белсенді түрде қатысуға тырысамыз. Біз әлемдік азық-түлік өндірісіндегі дағдарыстың алдын алуға барынша күш саламыз», - деді Путин.
Оның айтуынша, Ресей Украина астығын алмастыра алады. Яғни, коммерциялық мақсатта да пайдаға асырып, Африканың ең мұқтаж деген елдеріне тегін жеткізуге дайын екенін, осы жылы рекордтық деңгейде астық өнімін алуды көздеп отырғанын да айтты. Атап айтқанда, Ресей 50 000 тонна астықты мына елдерге 3-4 ай ішінде тегін жіберуді көздеп отыр: Буркина-Фасо Зимбабве Мали Сомали Эритрея ОАР.

Серіктес жаңалықтары