Қостанайда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қостанайда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қостанайда жол апатынан 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50249
Оқиға Қостанай - Сарыкөл тасжолында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

ВАЗ-21099 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.

Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары