Елордада Астана процесі жалғасуда

Елордада Астана процесі жалғасуда

Елордада Астана процесі жалғасуда
ашық дереккөзі
271
Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана процесіне 9 бірдей оппозициялық топтың өкілі қатысып жатыр, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. ҚР Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Айдарбек Думатовтың хабарлауынша, Астана қаласына Үкіметке қарсы қарулы тараптың делегациясын Мұхамад Алуш бастап келген. Жалпы, бұл жолғы кеңес нақты нәтижелі болып, түйткіл түйіні тарқайды деген болжам бар. Себебі, кешегі күннен бері кепіл мемлекеттер мен Сирия үкіметі және оппозиция өкілдері жабық есік жағдайында қызу пікір алмасып жатыр. Жиынға қатысушылар бүгін пленарлық мәжілісте бас қосып, рет-ретімен мәлімдеме жасайды. Қазір тараптар оқ атпау режиміне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі електен өткізіп жатыр. Осылайша, Астана процесі Женевадағы жиындарды жан-жақты толықтырып отыр. «Бірінші раунд кезінде осы жерде оппозициялық топтар қатысты. Соған қатысқандар бүгін де қатысады. Жаңадан топтан әлі ешкім келген жоқ. Ең алдымен мен айтқан Мұхамад Алуш басқарады. Ал енді нәтижелерін күтеміз», – дейді ҚР Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Айдарбек Думатов.

Серіктес жаңалықтары